Стихи про Любовь девушке на Казахском языке,Стихи об Любви и про Любовь на Казахском языке - 4 Июля 2013 - СМС СБОРНИК Лучшее из лучших
СМС СБОРНИК Лучшее из лучших
 
Главная » 2013 » Июль » 4 » Стихи про Любовь девушке на Казахском языке,Стихи об Любви и про Любовь на Казахском языке
11:17
Стихи про Любовь девушке на Казахском языке,Стихи об Любви и про Любовь на Казахском языке

Стихи про Любовь девушке на Казахском языке

Қап-қара, ғажап, сиқырлы

Қашпаңдар қара бояудан!

Қандырып уыз-ұйқымды,

Қап-қара түннен оянғам.

Қап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз, сірә мен мүлде,

Аппақтың нарқын сезбеспін.

Жарыңның шашы қап-қара,

Көзі де қара, шамасы.

Сондықтан жүзі аққала

Сондықтан әсем, қарашы.

Ақ пенен қара алмасып,

Алмасып тұрса әрдайым.

Ақ түске ғана жармасып,

Қараны неге алмайын.

Қап-қара көзді бір қыз бар,

Қашпандар қара бояудан!

Аспанда жарық жұлдыздар

Қап-қара түнде оянған.

Авторы: Мукагали Макатаев


Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен,

Шындықты жақтап жүретіндермен,

Сыйластық сырын білетіндермен

Танысқым келеді менің.

Жаманға жағынбайтындармен,

Жоқтыққа тарылмайтындармен,

Арманнан арылмайтындармен

Табысқым келеді менің.

Жанары мөлдірегендермен,

Жүрегі елжірегендермен,

Үмітке сендіре білгендермен

Достасқым келеді менің.

Мұң-қайғы жеңбейтіндермен,

Өсекке сенбейтіндермен,

Наданға ермейтіндермен -

Бас қосқым келеді менің.

Авторы: Аккуштап Бактыгереева


Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,

Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?

Мен келемін өз жанымды зерттеумен,

Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.

Арзан не бар ойнау менен күлуден,

Қымбат не бар, адам сырын білуден?

Мен әуремін, өз сырымды білумен,

Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,

Жылдарымды еске аламын бүлінген.

Адамдардың жаны менен жүрегін,

Ойлайтын ем, бір кісідей білемін…

Ажырата алмай шуақ, түнегін,

Танығанға мәз болыппын іреңін.

Ертең басқа, бүгін жақсы көргенім,

Өз көзіме өзім,

Ғажап!

Сенбедім.

Кесерткідей ауыстырған ендерін,

Түсінбеймін қылығына пенденің.

Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,

Жақыныңның жат боларын кім білген.

Адамдарды зерттей алмай жүрмін мен,

Оны зерттеу мүмкін емес, білдім мен…

Авторы: Мукагали Макатаев


Cагындым

Унатып ем жалгыз гана озинди,

Сагынып молдир, таза, кара козинди

Жаным менiн ансаттын бiр озiндi,

Коргiм келедi ансаткан сенiн сулу жузiндi.

Тенеп сенi жулдызга, айга, кунге,

Кун нурындай тогiлген саулелерге.

Армандап, киялдап, отырмын толы сезiмге,

Барады iшкi сезiм ортенiп, айтамын кiмге?!

Акын да емеспiн, жазушы да емеспiн,

Туске енiп, анда-санда коринетiн ЕЛЕСПIН))))


Сезіміңді сүйем

Сезіміңді сүйемін, мені сүйген,

Сен білмейсің, таныспын сендік күймен.

Саған ғашық болғам жоқпын ешқашанда,

Дегенменен қызғанам шықпай үйден.

Хабарласпай кеттің ғой соңғы кезде,

Ренжімеймін сендегі тың мінезге.

Қоңырау шалып тұрушы ең әлсін-әлсін

Бар десемде, қарағым, сенде жезде.

Смс-те жазбайсың бұрынғыдай,

Жырды менен сұраушы ең ұдай-ұдай.

Жүрегіңді жер еткен мен емеспін,

Сүйгіздірмей қойды ғой мені Құдай.

Сан аруды ғашық қып жүргеніңде,

Бар екенін білгенмін жүрегіңде.

Кездесуге келіспей жүруші едім,

Жолықтық қой бәрібір жыр елінде.

Ұмытуға тырыстың, ұмыттың да,

Айға қарап жүректі ұлыттың да.

Ал мен болсам әлі де қызғанамын,

Сен мен үшін әрдайым ұлы тұлға.

Авторы: Айгерим Есенаманова

Категория: Стихи На Казахском языке | Просмотров: 1727 | Добавил: asdfg | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Суббота, 03.12.2016, 16:32
Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Категории
Романтические СМС [25]
О Любви и Романтические Идеи для встреч и многое другое [33]
Доброе Утро [8]
Перед Сном [13]
Прикольное [40]
Разное [52]
Приятные Слова Девушке [5]
Комплименты Девушкам [5]
Самые Красивые СМС [15]
Идеи Для Дня Святого Валентина [7]
Стихи На Казахском языке [27]
Признание в любви девушке на Казахском [7]
Красивые Любовные СМС [15]
Поздравления [8]
Розыгрыши [2]
Романтика [12]
Романтические стихи Девушке [8]
СПОСОБЫ УДИВИТЬ Девушку или Парня [3]
Притча [4]
Романтические рассказы [9]
Романтические рассказы
~♥~ Сезімдер толқынында ~♥~ [1]
Идеи подарка на 8 марта [16]
Вдохновение [10]
Правельные мысли [10]
✖ люди о людях ▲ [3]
Вперед-К успеху [9]
Стихи [34]
Истории про людей которые нашли свою любовь с первого взгляда [1]
Грустные рассказы [7]
Рассказы на ночь [1]
Разные Рассказы [13]
My Day(Мой день) [0]
Книги про любовь на телефон [1]
Рассказы о Любви [1]
8 Марта [2]
Признания [6]
Признания В любви девушке или парню
Красивые Слова Для Влюбленных [1]
Красивые Слова Для Влюбленных
Цитаты ! [1]
Яркие цитаты в стильной подаче
Игры на Троих [12]
Красивые Девушки из Казахстана [1]
Девушки из Казахстана,Казашки, Красивые Казашки,Қазақ қыздары әдемі Қазақстаның қыздары
Спамы на Казахском языке [9]
Спамы на Казахском языке Из-за актуальности спамов в Казахстане, мы были вынуждены открыть категорию со спамами для истинных казахов! Тут каждый казах, может найти для себя интересный спам, спам о характере казаха, спам на родном языке и другое. Спамы на казахском языке, отличаются тем что тут маты используются довольно редко и намного-много больше смеха."
Анаға тілек құттықтаулар мен тілектер, пожелания и стихи Маме на Казахском языке [5]
Анаға тілек құттықтаулар мен тілектер, пожелания и стихи Маме на Казахском языке Самым близким родственникам – маме и папе - всегда приятно говорить теплые слова даже по незначительному поводу.
Фильмы [22]
Категория Фильмы предназначена для хранения фильмов в отличном качестве которые всегда можно посмотреть бесплатно любых жанров собранные в одной папке для всеобщего просмотра
Информер
[17.11.2012][Красивые любовные СМС]
Красивые любовные СМС (0)
[17.11.2012][Красивые СМС парню и девушке]
Красивые СМС парню и девушке (2)
[17.11.2012][Красивые СМС-ки]
Красивые СМС-ки (0)
[18.11.2012][Доброе Утро!]
С добрым утром для него (0)
[20.11.2012][Cамые красивые СМС]
Самые красивые СМС (0)
[20.11.2012][Красивые СМС любимым]
Красивые СМС любимым (0)
[21.11.2012][Прикольные СМС розыгрыши]
Прикольные СМС Розыгрыши (0)
[21.11.2012][Розыгрыши по СМС]
Розыгрыши по СМС (0)
[11.02.2013][Красивые Статусы]
Красивые статусы (0)
[13.02.2013][Короткие рассказы от парня]
Зеленое кольцо (2)
Календарь
«  Июль 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Опрос
Откуда вы ?
Всего ответов: 105

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Поиск по сайту
Друзья сайта
  • Шахматы,Cкачать или Играть онлаин
  • Новые Видео
  • футбольный сайт 71 района
  • Поделиться ссылкой
    Мини чат
    500

    Copyright http://Pozitivka-smsok.at.ua © 2016
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика Вверх