СМС СБОРНИК Лучшее из лучших
 
Главная » 2013 » Июль » 6 » Стих про Город Алматы на Казахском языке, Стих про Алматы на Казахском языке, Стих об Алмате на Казахском языке
05:03
Стих про Город Алматы на Казахском языке, Стих про Алматы на Казахском языке, Стих об Алмате на Казахском языке

Стих про Город Алматы на Казахском языке

Алматы, сен бізді ақын еттің! (Алматы туралы өлеңдер)

http://massaget.kz/userdata/news/news_4147/thumb_b/photo.jpg

Құрметті жырсүйер қауым, бүгін біз сіздерге қала күніне байланысты Алматы туралы жазылған жырлардың бірінші бөлімін жариялап отырмыз. Ару қаланың әсемдігі мен тылсымы көп тіршілігі даладан келген қазақ баласын ақын етті. Бұл Алматы балғын шағынан анасының ақ сүтінің иісі аңқып келген студент баланың атасы болып қаталдық та танытты, анасы болып мейірленді де... Нағыз өмірдің басталған тұсын алғаш Алматыға келіп түсінген ауыл баласы шабытына қамшы басып, жырына мұңын шақты. Алматыны сүйді де, күйді. Алматы қызы мен серісіне ғашық болып, жыр үстіне жыр қосып жатты. Бүгінде олар Алматыдан сәл алыстай қалса, аңқасы кеуіп асыға жететін ақын болды. "Алматы, сен бізді ақын еттің!" атты қала туралы өлеңдер топтамасының бұл бөлімінде Алматыға келіп ақындық жолын ұштаған, поэзия аспанында қалықтап ұшуға қанаттары қатайып үлгерген ақындардың жыр шумақтарын ұсынбақпыз. Ендеше, Алматының самалы есіп тұрған ақындардың қойын дәптерлеріне үңілейік!

АЛМАТЫ 

Ақша бұлт жаспен жуып көздің нұрын,

Алатау жұбатады өз мұңлығын.

Алма төс, алтын зерлі бұл шаһардың,

Азабы ауырлаған.

Сездім бүгін.

 

Үйіріліп ерте соқты тағдыр күзі,

Алматы – Алатаудың жалғыз қызы.

Сол қыздың қыстығып бір өксігені,

Секілді жылап ұшқан қаздың жыры.

 

Адыра қап күймедегі мандатымыз,

Алынбай биде кегі, ханда ақымыз.

Жырымды тыңдамайды жылап айтқан,

Солқылдап жатыр үнсіз Алматы – қыз.

 

Шығыстан соққан дауыл қарға ұласып,

Қалды ма тағы дауға зарлы басың.

Мен емес!

Сені мұнда талақ еткен

Жыласа, зар еңіреп хан жыласын!

 

Қып-қызыл намысыңды ит ап қашып,

Құзғындар жетті тағы қипақтасып...

...Тізесін құшып жатқан Алматының,

Алатау қояды үнсіз сипап басын.

 

* * * * *

                                                                "Алматы - о, менің жаралы жүрегім!"

                М.Шаймаран

Құлай сүйіп өмірімен, өлеңмен,

Сені Алматы - ару дейді ел,

Сенем мен.

Көйлегіңнің етегіне ілесіп,

Көлбең қағып мен де артыңнан жөнелгем.

 

Қарсы алдымда жалаңаштап кіндігін,

Сол Алматы маған қарап тұр бүгін.

Алатаудың жас тоқалы секілді,

Жанарына жасырған бір сұмдығын.

 

Кездесу де, күю, сүю - түс бәрі,

Есімде жоқ қалай құлап, құшқаным.

Жүрегім деп айтты кейін сені ағам,

Мен жағамды ұстадым.

 

Ал сенің ше?!

Түрің де жоқ қымсынар,

Ақ төсіңе шайыр біткен ұмсынар.

Айдындықтай білегіңді жастанып,

Ақындардың өлетіні шын шығар.

 

Қайран, менің аппақ арлы далам-ай,

Қалай кеттім қайрылып бір қарамай.

Абайсызда арбалған бір бейбақпын,

Кешір мені, адал, аңғал – ағам-ай!

Қайсар Қауымбекұлы

ҚазҰУ-дың 2012 жылғы түлегі

Алматы

Бұл қаланың есімі алты-ақ әріп,

Алты әріпке қандай мін бар тағарлық.

Шапсам әлі көшеңді дүбірлетер,

Құла тайы шабыттың қалса да арып.

 

Кірбең тартып тұрса да таң қабағы,

Сүймейтіндер бар ма осы нән қаланы.

Күні бойы жанымды қайғы мүжіп,

Түні бойы шайтанның арбады әні.

 

Байқайсың ба?

Серт өзге, ант басқа,

(Ажыратып білмедім танып баста)

«Ақын бол» деп ауылдан алып келді,

Құдай ұрғыр арманым алып қашпа.

 

Тірлік «сырын» кімдерден үйрендік кем,

Пендеміз ғой әр таңнан күйбең күткен.

Алматы жек көре алмайтыным –

Еліктей ерке қызын сүйгендіктен!



Категория: Стихи на казахском языке | Просмотров: 3171 | Добавил: Администратор | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Суббота, 25.11.2017, 09:58
Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
:)
Осень
Вход на сайт

Дорогие друзья!
Поиск
Категории раздела
Романтические СМС [25]
О любви и романтические идеи для встреч и многое другое [33]
Рассказы о Любви [1]
Разные рассказы [14]
Грустные рассказы [7]
Романтические рассказы [9]
Самые красивые СМС [15]
Красивые любовные СМС [15]
Комплименты девушкам [10]
Романтические стихи Девушке [8]
Способы удивить девушку, парня [3]
Стихи [34]
Разное [52]
Доброе утро [8]
Перед сном [13]
Прикольное [40]
Поздравления [8]
Розыгрыши [2]
Романтика [12]
Притчи [4]
Вдохновение [10]
Правельные мысли [10]
Люди о людях [3]
Вперед к успеху [9]
Истории про людей которые нашли свою любовь с первого взгляда [1]
Книги про любовь на телефон [1]
Признания в любви девушке или парню [6]
Красивые слова для влюбленных [1]
Пожелания и стихи маме [5]
My Day (Мой день) [0]
Красивые девушки России, Украины, Беларусь и Казахстана [1]
Признание в любви девушке на казахском [7]
Сезімдер толқынында [1]
Стихи на казахском языке [33]
Идеи для дня святого валентина [7]
Идеи подарка на 8 марта [16]
8 Марта [2]
Цитаты [1]
Игры для двоих, троих [23]
Фильмы [24]
Категория Фильмы предназначена для хранения фильмов в отличном качестве которые всегда можно посмотреть бесплатно любых жанров собранные в одной папке для всеобщего просмотра
Властелин колец, Хоббит [18]
Расширенные (режиссерские) версии, театральные версии, в переводе Гоблина. Книги, аудиокниги. Смешные переводы фильмов, а также многое другое.
Календарь
«  Июль 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Музыка сайта
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Отсчет времени

© Все права сохранены, 2012-2017